Ол гаити аруы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) қолғап түйістірді. Бұл кездесу титулдық сипатқа ие болды. Өйткені GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпионның белбеуі сарапқа салынды әрі ойын алты раундқа есептелген.
Айта кетейік, Аида Сатыбалдинова үшін бұл үш жыл үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болды. Ол соңғы рет 2019 жылдың шілдесінде шаршы алаңда өнер көрсеткен.