Аймақтар • 20 Маусым, 2022

БҚО әкімі өзіне қарсы петицияға қатысты пікір білдірді

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі өзінің отставкасын талап еткен тұрғындар петициясына қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО әкімі өзіне қарсы петицияға қатысты пікір білдірді

«Әр түрлі пікірлер болуы мүмкін. Сондықтан ол жерде дұрыс сын болса, мен одан сабақ алып, өзім үшін тиісті шешім қабылдаймын. Өкінішке қарай, қоғам мүшелерінің барлығына бірдей жағу мүмкін емес», деді Ғали Есқалиев.

Еске сала кетсек, 31 наурызда Батыс Қазақстан облысының тұрғындары әкім отставкасын талап еткен петиция жариялаған.

Аталған петицияны 5 594 адам қолдаса, 585 адам қарсылық білдірген.