Оқиға • 20 Маусым, 2022

Қырғызстанның Қызылқия қаласында төтенше жағдай жарияланды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Қызылқия қаласында сел жүрді. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның Қызылқия қаласында төтенше жағдай жарияланды

Ведомствоның мәліметінше, 18 маусым күні сағат 18:00-де толассыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше көшені су басқан. 6 әлеуметтік нысан мен 7 тұрғын үй апатты жағдайда қалған.

Табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына 117 құтқарушы жұмылдырылып, төтенше жағдай орнында азаматтық қорғау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Б.Әжікеев қала тұрғындарымен кездесті.