Үкімет • 20 Маусым, 2022

Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

Шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Акылбек Жапаров, Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович және басқалары қатысады деп күтілуде.

Шағын және кеңейтілген құрамда өтетін кеңес отырыстарында Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту, тауарларды таңбалауды жүргізу, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ЕАЭО-ның көлік инфрақұрылымын дамыту, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларындағы кооперация, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және басқа да бірқатар мәселе талқыланады.