Футбол • 21 Маусым, 2022

«Астана» көш бастады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан ел біріншілігі араға ай салып қайта жалғасты. Екінші айна­лымдағы 14-тур ойындарынан кейін турнир кестесінде ауыз толтырып айтар­лықтай өзгеріс бола қойған жоқ.

«Астана» көш бастады

Қазақстан чемпионатының алты дүркін жеңімпазы «Астана» бұл турда Павлодардың «Ақсу» командасын қабылдап, 5:0 есебімен біріншілік дебютантының тас-талқанын шығарды. Маңызды үш ұпайына қол жеткізген елорда клубы 24 ұпаймен турнир кестесінде қайта топ басына шықты. Ал бұған дейін үздіктер көшін бастап тұрған Ақтаудың «Каспийі» сырт алаңда Қостанайдың «Тобы­лынан» жеңіліп (1:0), екінші орынға сырғыды. Өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске жеткен «Тобыл» 21 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ биылғы чемпионатта тәуір нәтиже көрсетіп келе жатқан «Тараз» сырт алаңда «Ордабасыдан» жеңіліп қалды. Аса тартысты өткен оңтүстік дербиінде бес гол соғылып, шымкенттік команда 3:2 есе­бімен басым түсті. Бірінші айналымда сүрең­сіз ойын өткізіп, турнир кестесінде жағдайын қиындатып алған «Қайрат» бұл турда «Мақтааралды» 1:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар 14-турда «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырауды» (2:0), «Қызылжар» Қарағандыда «Шахтерді» (2:1) ұтты. Ал Түркіс­тандағы «Тұран» мен «Ақжайық» матчы 1:1 есебімен тең аяқталды.