Теннис • 21 Маусым, 2022

Ірі жарыстарда бақ сынайды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясы осы аптада отандық теннисшілер бақ сынайтын бірқатар ірі жарыстың тізімін жариялады.

Ірі жарыстарда  бақ сынайды

Атап айтқанда, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 33-орында тұрған Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді. Олар жарысты екінші айналымнан бастайды. Сондай-ақ осы жарыстың жұптық сынында Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич пен Польша өкілі Магда Линетпен кездеседі.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Истборн ATP 250 жарысында бастапқы матчын америкалық Фрэнсис Тиафомен өткізеді. Александр Не­до­весов жұптық сында пәкістандық Ай­сам Ку­решимен бірге ұлы­бри­таниялық­тар Джу­лиан Кэш – Генри Паттенмен шеберлік бай­қа­сады. Ал Михаил Ку­­куш­кин «Уимбл­дон» тур­ни­рінің іріктеу са­йысында ита­лия­лық Лорен­цо Джус­ти­номен ой­найды.