«Балалар үшін «Цифрлық репетитор» жобасын бастап жатырмыз. Оны тамыз айының соңына қарай іске қосуымыз керек. Жаңа оқу жылының қарсаңында арнаулы топтағы балалар осы жоба бойынша жұмысын бастауы тиіс. Оқу жылына дайындығымыз да осыған байланысты болады», деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.
Айта кетсек, 2021 жылы Асхат Аймағамбетов ауыл оқушылары үшін «Цифрлық репетитор» жобасын енгізу жайлы атқан еді. Жоба аясында әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар, яғни 500 мыңға жуық оқушы апта сайын математика, тіл немесе жаратылыстану пәндерінен кемінде 3 қосымша тегін сабақ ала алады.