Қоғам • 21 Маусым, 2022

Жекеменшік балабақшаларда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекеменшік балабақшаларда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

«Мектеп жасына балалар үшін жоспарланған 34 мыңнан астам орынды қамтитын 322 балабақша ашылады, 9,4 мың орынға арналған 130-ы 5 айда ашылады. Жыл соңына дейін 3-6 жастағы балаларды балабақшалармен қамту 99,3 пайызға дейін жеткізу белгіленген. Жекеменшік балабақшаларда орын алған келеңсіздіктерге жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, білікті мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ бейнебақылау, жиһазбен жабдықтау талаптарының орындалуын қадағалау, мемлекеттік тапсырыстың сапасын ваучерлік тетік арқылы жақсарту көзделген», деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, биыл 15 мыңнан астам тәрбиеші жаңа модель бойынша тиісті курстардан өтіп жатыр. Бұл өз кезегінде тәрбилеу сапасын жақсартуға оң ықпал етпек. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезектіліктің бірыңғай базасын құру жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Жаңа оқу жылында үздік балабақшалар негізінде 34 құзыреттілік орталығын ашу жоспарланып отыр. Биыл алғаш рет 25 мыңнан астам баланы оқу орындарына қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі ауқымды түрде жаңартылуда. Әкімдіктер 515 мектеп автобусын сатып алады. Алғашқы автобустар осы айдың ішінде Ақмола облысына жеткізіледі», деді Ғ.Бейсембаев.