Оқиға • 21 Маусым, 2022

«Новая газета» басшысы Нобель медалін сатып жіберді

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік журналист Дмитрий Мұратовқа Нобель сыйлығы 2021 жылы берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Новая газета» басшысы Нобель медалін сатып жіберді

Журналист 20 маусымда америкалық Heritage Auctions аукцион үйінде өзіне тиесілі Нобель сыйлығын сатып жіберді. Медаль 103,5 млн долларға сатылды. 

Барлық түскен қаражат ЮНИСЕФ-тің украиндық босқын балалар мен олардың отбасыларына көмектесу жөніндегі гуманитарлық миссиясын қолдауға жұмсалады. 

Сатып алушының аты-жөні жарияланбады. 

Айта кетейік, Дмитрий Мұратов 1993 жылы Ресейде «Новая газета» басылымының негізін қалаушылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше