Қоғам • 21 Маусым, 2022

Қант импортына нөлдік баж қарашаға дейін ұзартылды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына арналған квотаны 2022 жылғы 31 қазанға дейін ұзарту туралы ұсынысы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қант импортына нөлдік баж қарашаға дейін ұзартылды

Бұл мәселе Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында қаралды.

«Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елмен қанттың үлкен көлемін жеткізу туралы келісім сөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталады», деп түсіндірді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар Қазақстан ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келіссөздер жүргізуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанның квотасы 2022 жылғы тамызға дейін нөлдік импорттық кеден бажымен 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрғақ қантын құрайды.