Қоғам • 21 Маусым, 2022

Қазақстандық өндірушілер ИННОПРОМ-2022 көрмесіне қатысады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-7 шілде аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) ИННОПРОМ «Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге» 12 Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық өндірушілер ИННОПРОМ-2022 көрмесіне қатысады

«Көрменің негізгі бағыттары: цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көліктік машина жасау, металлургия, энергетикаға арналған технологиялар, жаңа материалдар, компоненттер өндірісі, тау-кен өнеркәсібі. Компаниялар тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, цифрлық индустрия, жасыл энергия, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі үшін өнімдер мен шешімдерді ұсынады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ ИННОПРОМ-2022 іскерлік бағдарламасы аясында компаниялар мен өңірлердің конференциялары мен семинарлары жоспарланған.

«6-7 шілдеде ИННОПРОМДА құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумы өтеді. Бұл шара аясында құрамдас бөліктерді өндірушілер Ресей Федерациясының ең ірі өнеркәсіптік компанияларына өз өнімдері мен технологияларын ұсына алады. ИННОПРОМ - қазақстандық компаниялар үшін өзін танытуға, келісімшарттар жасауға және жаңа серіктестік байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік», делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан - биыл ИННОПРОМ-2022 көрмесінің ресми серіктес елі. Осыған байланысты қазақстандықтар құрамдас бөліктерді өндірушілердің форумына тегін қатыса алады.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35