Аймақтар • 21 Маусым, 2022

Екібастұзда өртенген пәтерде бала қалып қойған

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда бес қабатты тұрғын үйдің үш бөлмелі пәтерінде өрт шықты. Павлодар облысының ТЖД хабарлағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда өртенген пәтерде бала қалып қойған

Ведомствода нақтылағандай, 20 маусымда сағат 10:45-те «101» пультіне Сәтпаев көшесі, 22/3 үй мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жалын 18 ш.м дейін шарпыған. Пәтердегі жиһаз, пластикалық терезелер, үй заттары өртеніп кеткен.

«Бесінші қабаттан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Дархан Түсіпов пәтерден 2013 жылы туған ұл баланы және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ерболат Төлеутаев 2014 жылы туған қызды құтқарып, алып шықты», делінген облысытқ ТЖД хабарламасында.

Департамент хабарлағандай, өрт сөндірушілер төрт адамды, соның ішінде бір баланы эвакуациялады.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сатылы марш бойынша жеті адам, оның ішінде бір бала өз бетінше эвакуацияланды. Өрт сағат 11:20-да толық сөндірілді», деп қосты ведомстводан.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД, «102», «103» қызметтерінің жеке құрамынан 14 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.