Қоғам • 21 Маусым, 2022

Елордада астан уланған 101 науқас ем қабылдап жатыр

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада астан уланған 101 науқас ем қабылдап жатыр

«Астан улану фактісімен 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны - 53 адам», делінген ведомство хабарламасында.

Хабарламада көрсетілгендей, науқастардың жалпы жағдайы қалыпты.

Еске сала кетсек, 13 маусым күні елордада 64 тұрғыны тамақтан уланды. Бүкіл науқас өз ауруларын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырған.