25 Сәуір, 2014

Көрменің тіркеу құжаты қорғалды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Париж қаласында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» тіркеу құжатын қорғады. 23-24 сәуір аралығында Па­риж қаласында «ЭКСПО-2017» Ха­лықаралық маман­дан­дырыл­ған көрмесінің комиссары – Қа­зақстан Республикасы Сыртқы іс­тер министрінің бірінші орын­басары Рәпіл Жошыбаев баста­ған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Атқарушы комитет отырысында «ЭКСПО-2017» тіркеу құжаты бой­ын­ша есеп берді. Тіркеу құжаты көрме ны­сандарының барлық техникалық құжаттарын қамтитын соңғы жос­пар болып саналады. Р.Жошыбаев өз сөзінде Атқарушы комитеттің соңғы оты­рысынан кейінгі кезеңдегі атқа­рылған жұмыс туралы баяндап, қазақстандық тараптың Бас хатшы Висенте Лоссерталестің наурыздағы Қазақстанға жасаған сапары кезінде айтылған барлық ұсыныстары назарға алын­ған­дығын жеткізді. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» комиссары көр­ме қатысушыларын аккредиттеу мен қазақстандық виза беру туралы толық ақпарат берді. Отырыс қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің Тіркеу құжатын бірауыздан қолдап, үстіміздегі жылғы 11 маусымда Парижде өтетін Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 155-ші Бас Ассамблеясының мақұлдауына ұсынуға шешім қабылдады. «Егемен-ақпарат».