Әлем • 22 Маусым, 2022

Қазақстандық туристер үшін Қырғызстанмен шекаралас аймақта 2 өткел ашылады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 шілдеден бастап тау туризмімен шұғылданатын қазақстандықтар үшін Қырғызстанмен шекаралас аймақта 2 өткел ашылады. Мұндай хабарлама Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық туристер үшін Қырғызстанмен шекаралас аймақта 2 өткел ашылады

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 мамырдағы Қырғызстанға ресми сапары барысында екі елдің басшылары бірлескен мәлімдемелерге қол қойды.

Соның бірі - туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, өзара туристік ағынды ұлғайту туралы уағдаластық еді.

Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігі туристер қауымдастығымен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп пилоттық жоба әзірледі.

Құжат Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің көші-қон комитетімен келісілген.

«Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 1 шілдеден бастап Тянь-Шань таулы аймағындағы «Озерный» және «Сары бұлақ» асулары арқылы туристік топтарды өткізу ұйымдастырылады», делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, Сыртқы істер министрлігі 9 маусымда екі өткелді ашуға қатысты Қырғыз Республикасына нота жолдаған.

Қазір қазақстандық тарап көрші мемлекеттен жауап күтіп отыр.