Теннис • 22 Маусым, 2022

Үшінші айналымға шықты

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің 33-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Үшінші айналымға шықты

Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева әлемнің 40-ракеткасы испаниялық Сара Соррибес-Тормомен шеберлік байқасып, тартысты өткен бірінші партияда Юлия 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте де отанда­сымыз қарсыласына еш мүмкіндік қалдыр­май, 6:1 нәтижесімен жеңіске жетті. Путин­цева ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракет­касы грекиялық Мария Саккари немесе дүние­жүзілік рейтингте 36-орында тұрған украи­налық Ангелина Калининаның біреуімен таласады.

Сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина осы турнирдің екінші айналымында рейтингте 114-сатыдағы украиналық Леся Цуренкомен кездеседі. Ал ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик Истборн АТР 250 турни­рінің екінші айналымында әлемнің 86-ракеткасы, Astana Open 2020 жарысының чемпио­ны аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасады. Бублик бірінші кезеңде америкалық Фрэнсис Тиафодан үш сетте басым түсті – 7:5, 7:6 (7:4), 6:0.

Соңғы жаңалықтар