Қазақстан • 22 Маусым, 2022

Ертең 11 облыста аптап ыстық болады

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең 11 облыста аптап ыстық болады

23-24 маусым күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус ыстық болады.  Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. 23 маусымда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні – 18 м/с болады деп болжанған. Ал қалада күндіз күн күркірейді.

23 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Күндіз 23-25 маусымда облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 23-25 маусымда 35-37 градус ыстық болмақ.

23 маусым күні күндіз Атырау облысының шығысында 41 градус ыстық болады. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болмақ. Атырау қаласында 23 маусым күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Күндіз ауа температурасы 36-38 градус-қа жетіп, аптап ыстық болуы ықтимал.

23 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.

23 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

23 маусымда күндіз Қызылорда облысында 42 градус аптап ыстық болады деп болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 23 маусымда күндіз 40 градус ыстық болады. 

23 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысын шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және шығысында – 15-20 м/с, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың орталығында және шығысында 36 градус қатты ыстық болады.

Талдықорған қаласында 23 маусым күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында 23 маусымда күндіз 36 градус қатты  болады деп болжануда.

23 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігін, батысын, орталығын шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус аптап ыстық болады.

Ақтау қаласын күндіз 23 маусымда шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық болмақ. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 маусымда Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дауыл соғуы да мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады.

23 маусымда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 23 маусымда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.