Қаржы • 23 Маусым, 2022

KEGOC акционерлерге дивиденд төледі

240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

KEGOC АҚ акционерлеріне 2021 жылдың қорытындылары бойынша 13,2 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлеу жүзеге асырылды. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұрын төленген дивидендті есепке ала отырып, 2021 жылы компанияның акционерлеріне төленген дивидендтің жалпы сомасы 35,2 млрд теңгені құрады, бұл бір акцияға есептегенде 135,57 теңгені құрады. Есептегі жыл ішінде төленген дивиденд көлемі KEGOC-тың таза кірісінің 66,9%-ын құрайды (52,6 млрд теңге таза кіріс).

KEGOC акционерлерге дивиденд төледі

2014 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап KEGOC жылына 2 рет акционерлерге дивиденд төлейді. Жалпы алғанда, акционерлерге шамамен 188 млрд теңге дивиденд төленді.

KEGOC-та қызмет көрсету көлемі өсуінің оң серпіні сақталуда. Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында электр энергиясын жеткізу көлемі жоспарлы мәндерден 420 млн кВтсағатқа (1,8%-ға өсті) асып түсті. Бұл елдің көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын жеткізу көлемінің өсуіне, сонымен қатар электр энергиясының мемлекетаралық транзиті көлемінің өсуіне байланысты.

KEGOC АҚ-ның 2022-2031 жыл­дар­ға арналған Даму стратегия­сында тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша іс-шаралар көзделген. KEGOC жұмыс істеп тұрған жоғары вольтты электр жеткізу желілерін реконструкциялау және жаңа энергия объектілерін салу жөніндегі бірнеше жобаны іске асыруда. Олардың ішінде мынадай 3 ірі жоба бар: «Компанияның «Ақтөбе ЖЭТ», «Батыс ЖЭТ» және «Сарыбай ЖЭТ» филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-лерін реконструкциялау, «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр желісін күшейту, электр желілік объектілерді салу», сонымен қатар қазіргі уақытта аяқталу сатысындағы «Түркістан қаласын сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту». Осы жоба шеңберінде биыл шілдеде 220 кВ «Орталық» қосалқы стансасын іске қосу жоспарлануда.

Энергетика министрлігінің Бол­жамдық теңгеріміне сәйкес елдегі перспективалық энергия тұтынуды қамту үшін 2035 жылға таман құрылымы әртүрлі технологиямен орналасу орындарымен көрсетілген шамамен 17,5 ГВт жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда. Бұл үшін компанияда Ұлттық электр торабының 2035 жылға дейін дамуының болжамдық моделін әзірлеу жоспарлануда. Бұл оның ауқымды жаңғыруын, сонымен қатар ЖЭК-тің өсіп жатқан көлемін энергия жүйесіне қауіпсіз біріктіруді қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруды көздейді.

Осылайша, KEGOC электр энергетика саласының көшбасшысы ретін­де, Қазақстанның энергия жүйесі­нің сенімділігін, қолжетімділігін және озық қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.