Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Мағжан оқулары-2022»: Ұлы даланың рухани мұрасы» тақырыбында кезекті халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияның ашылуына арнаған құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов: «Бұл мереке бізді Ұлы даланың рухани қазынасына айналған ұлық перзентінің мұрасымен кезекті рет қауышуға мүмкіндік береді. Еліміз өзінің Тәуелсіздігін алған жылдардан бері Мағжан үні жаңа белесте жасындай жарқырады. Оның құдіретті сөздері, сыршыл поэзиясы, жүрек қылын шертетін нәзік лирикасы, драмасы мен трагедиясы өз халқының баға жетпес құндылығына айналып отыр. Енді Мағжан сөздері халқымен бірге мәңгі жасайды. Артында қалған сөз әлемі, жан сұлулығы, ақыл-ойы, парасат биігі бүкіл түркі халқының алтын қазынасы болып ұрпақтарға қызмет ете беретін болады», деді. Сонымен бірге ол Мағжан мұрасына арналған төрт сериялы деректі фильмнің түсіріле бастағанын жеткізді. «Мағжанның журналистік қызметі» деген тақырыпта баяндама жасаған профессор Зарқын Тайшыбай ақынның публицистикасына тоқталып, 1924 жылғы өз қолымен толтырған сауалнамада Мағжан өзін «журналистпін» деп көрсеткенін айтты. «Атақты «Айқап» журналының бірінші нөмірінде Мағжанның «Жалған» деген өлеңі басылған. Ал журнал күшпен жабылған соң «Жас Азамат» газеті шықты. Оны Мағжан мен Қошке Кемеңгерұлы шығарған. Мағжанның терең ойы, әлеуметтік зор мәселелер төңірегінде айтқан пікірлері өлеңдерінде ғана емес публицистикалық шығармаларында да көп» дей келіп ғалым бірнеше мысал келтірді.
Түркияның Кастамону университетінен «ZOOM» платформасы арқылы қосылған Орхан Сөйлемез Мағжан өлеңдеріндегі теңеулер күшті, қуатты, өжет аң-құстармен байланысты екеніне назар аударды. «Мысалы, ол өзінің «Мен жастарға сенемін» өлеңінде жас өрендерді арыстанға, жолбарысқа теңейді. Сол сияқты өзін жердегі қуат атаулының қайнар көзі күнге теңейтіні де бар. «Мен – Күн ұлы, Көзімде күн нұры бар», деген сияқты ерекше теңеулерді айтып, оның жырларының қуаттылығы осындай теңеулерде де жатқанына назар аударды. Жазушы Жарасбай Сүлейменов «Мағжан және Алаш арыстары» деген тақырыпта баяндама жасап, ақынның Міржақып Дулатовпен, Қошке Кемеңгерұлымен, Мұхтар Әуезовпен болған шығармашылық байланыстары туралы айтты. «Бірлік» атты жасырын ұйымда болып, Қошке Кемеңгерұлы екеуі оның «Балапан» атты қолжазба журналын шығарғандарын және оның бірінші нөміріне Мағжанның «Балапан қанат қақты» атты мақаласы жарық көргенін атады. Ал «Алқа» ұйымының тұғырнамасын ақын Мұхтар Әуезовпен ақылдасып жазғанын жеткізді. Осының бәрі кейін Мағжанға кінә болып тағылғанда Смағұл Смағұлов: «Қазақ әдебиетін тек коммунист ақын-жазушылармен шектемейік. Мағжанды доңыздатып, қоңыздатып жүргендерге қарсымын» деген екен. Сонымен бірге шешен ақын Мұзафар Әлімбаевтың Мағжан мен Сәкен арасында шығармашылық бәсекелестік туралы айтқан пікіріне назар аударды. «Егер ондай бәсекелестік болмаса Сәкеннің «Көкшетау» поэмасының көркемдігі жоғары деңгейде болмас еді» деген екен ақын.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер «Шолпанның күнәсі» мен «Алтын сақина»: образдар жүйесі, тақырыптық-идеялық үндестік» тақырыбында баяндам жасап, Мағжанның жалғыз прозалық көркем шығармасы мен Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасының арасындағы ұқсастықтар мен үндестіктерге тоқталды. Бұл пьеса алғаш рет Қызылжарда қойылған. Әйелдердің рөлін боянып алған ер азаматтар ойнапты. Прозада Мағжанның тек «Шолпанның күнәсімен» ғана шектелгені туралы жазушы Мұхтар Мағауин: «Шын мәнінде Мағжанның ақындығы отыз жасымен шектеледі. Ал сол отызда жеткен прозасы – әлемдік классика деңгейіндегі жалғыз әңгіме бұдан әрі өріс таппады. Кінә Мағжанда емес, заманда болатын» деген екен. Сонымен бірге Қ.Кемеңгер Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі алғаш рет Қызылжарда шыққан «Жас Азамат» газетінің үшінші санында жарияланғанын жеткізді.
Конференцияда бұлардан басқа А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Сабыр Сеңкібаевтың «Мағжанның ұстаздық және тәлімдік ілімдері», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универститетінің профессоры Аян Қажыбайдың «Әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы» атты баяндамалары мен басқа да бірнеше сөз тыңдалды.
Конференция жұмысын М.Қозыбаев атындағы СҚУ университетінің профессоры Жанар Таласбаева ашып, жүргізіп отырды. Баяндамалар жиынтығы арнайы жинақ болып шығатыны айтылды.
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ерлан Қошанов: Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет
Үкімет • Бүгін, 08:05
Қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыспен тең
Үкімет • Бүгін, 08:03
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 08:00
Жастар экология тақырыбын қаузайды
Экология • Бүгін, 07:52
Семей қаласының гербі бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 07:47
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазақстан • Бүгін, 07:45
Спорт • Бүгін, 07:42
Спорт • Бүгін, 07:40
Ұқсас жаңалықтар