Спорт • 23 Маусым, 2022

Қазақстандықтар – үздіктер қатарында

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары қазақстандық ересек және жас теннисшілер халықаралық жарыстарда тәуір нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингте жоғарғы орындардан көрініп жүр.

Қазақстандықтар – үздіктер қатарында

Мәселен, бірнеше халықаралық турнирде топ жарып жүрген Аружан Сағындықова әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына кірді. 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы әлемдік рейтингте отандасымыз бірден 12 саты жоғарылап, 70-орынға жайғасты. Ал ерлер арасындағы ITF рейтингінде Максим Батютенко 81-ден 78-орынға көтерілді. Ислам Орынбасар – 199 (-1), Даниил Фелькер – 236 (-4), Даниал Рахматуллаев 239-сатыда (-5) тұрса, Әмір Омарханов 424-тен 418-ге жоға­ры­лады.

Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe қауымдастығының рейтингінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, чемпиондық кестеде бесінші орында келеді. Дамир Жал­ғасбай – 44 (-1), Даниэль Тазабеков – 59 (-4), Родион Лукашов – 191 (+17), Михаил Мищенко – 234 (+14), Дамир Дүйсенғазин – 257-сатыда тұр (-9). Қыздар арасында Софья Исакова 108-орынға жайғасса, ақтөбелік Ева Коры­шева бірден 151-орынға (+72) көтерілді. 16 жасқа дейінгілер арасында Шәкен Мансұр – 118 (+12), Демид Горбачев – 152 (+23), Артем Сидоров 189-сатыға (+2) орналасты.