Спорт • 23 Маусым, 2022

Натаров – ел чемпионы

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Бурабайда велоспорттан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей және командалық эстафета бойын­ша ел чемпионаты өтіп жатыр.

Натаров – ел чемпионы

Жарыстың кезекті күнінде ерлер жекелей жарыста бақ сынады. Ересектер арасындағы бәсекеде Astana Qazaqstan Team велоклубының өкілі Юрий Натаров үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Натаров 30 ша­қырым жолды 37 минут 46 секундта жүріп өтті. Мәре сызығын екінші болып ұлт­тық құра­маның өкілі Игорь Чжан кесті. Ол жеңім­паздан 51 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Антон Кузьмин түйіндеді.

Ал 23 жасқа дейінгі спортшылар арасын­дағы бәсекеде Astana Qazaqstan Development Team велошабандозы Даниил Пронский топ жарды. Аталған қашықтықты ол 39 минут 5 секундта бағындырды. Екінші және үшінші орынды Андрей Ремхе (39 минут 47 секунд) және Александр Винокуровтың ұлы Николай Винокуров (40 минут 43 секунд) жеңіп алды.