23 маусым – Қазақстан полициясының күні ретінде аталып өтіп келе жатқанына 15 жыл толып отыр. 2007 жылы осы күн Қазақстанда Полиция күні ретінде бекітілген. Себебі, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдаған еді. Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан полициясы сервистік модельге көшу реформасын бастан өткеріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторының жаңа бейнесін қалыптастыру бағытында кешенді шаралар қабылдануда. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының мәртебесі заңды түрде артып, өкілеттері кеңейтілді. Полиция өкілдерінің жұмыс формасы да өзгеріп, бұрынғы қатаң тәртіптегі киімнің орнына қимылға оңтайлы, ықшам стильдегі формалар енгізілуде.