Президент • 23 Маусым, 2022

Мемлекет басшысы Назарбаевтың саяси рөлі туралы айтты

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси рөлі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Назарбаевтың саяси рөлі туралы айтты

«Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан, Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет», деді Мемлекет басшысы.

Президент Нұрсұлтан Назарабевтың саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті баға беретінін еске салды.

«Ал, қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек. Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек. Көп сөздің қажеті жоқ, нақты іске көшуге тиіспіз. Басты міндет – осы», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.