ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері кәмелетке толмаған қызға шабуылдаған ер адамға тойтарыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиға 22 маусымда орын алды. Нұр-Сұлтан қаласында Абылайхан даңғылы бойында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері Бақдәулет Намиалиев пен Фархат Сатуов жауынгерлік кезекшіліктен келе жатқан.
ҚР МКҚ қызметкерлері жас қызға шабуыл жасап, күш қолдану арқылы мобильді телефонын тартып алмақ болған ер адамды бірден тоқтатты.
Бақдәулет пен Фархаттың батыл іс-қимылы арқасында құқық бұзушы ұсталып, оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Кәмелеттік жасқа толмаған қызға психологиялық және алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Кейіннен анықталғандай, ұсталған азамат бұрын сотталған болып шықты.
Аталған дерекке сәйкес, полиция қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері саналы әрекетімен өздерінің батылдығын, күш-жігерін және кәсіби біліктілігін көрсетті», ҚР МКҚ баспасөз қызметі
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Бүгін, 21:03
Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты
Оқиға • Бүгін, 20:24
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:05
Си Цзиньпин Путинді Қытайға шақырды
Әлем • Бүгін, 19:45
Президент Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Президент • Бүгін, 19:15
Талдықорғанда жас қыздан 108 г есірткі тәркіленді
Есірткі • Бүгін, 19:09
Ұқсас жаңалықтар