Қаржы • 24 Маусым, 2022

Доллар қымбаттады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасында доллар мен Ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттады

Дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,9 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,85 – 7,95 теңге аралығында құбылып тұр.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465- 469 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда доллар бағамы 468 - 474 теңге аралығында саудалануда.

23 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 10,79 теңгеге қымбаттап 465, 15 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге.