Оқиға • 24 Маусым, 2022

Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 миллион теңгеге контрабандалық темекі өнімдерінің жолы кесілді. Заңсыз өнім Көкшетау қаласының дүкендерінде саудаланбақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Газель» маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген.

Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше