IQanat республикалық оқушылар слеті аясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінің оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу Назарбаев университетінде өтіп, онда 750 ауыл баласы жиналды. Әңгіме барысында мәртебелі қонақ балаларды IQanat республикалық слетіне қатысумен құттықтап, олармен мектепте оқудың маңыздылығы және өз іс-әрекеттері мен нәтижелері үшін жауапкершілік ала білулері туралы сұхбат құрды.
«Жауапкершіліктен қорықпау керек. Өз басым адамдарда жауапкершілік сияқты сапалы қасиеттерді өте жоғары бағалаймын және құрметтеймін. Жауапкершілік әртүрлі болуы мүмкін, міндетті түрде ауқымды дүниеге қатысты емес. Мәселен бұл жаһандық мәселелерді шешу үшін кейіпкерлер Марсқа миссиямен барған кезде бәріміз кинода көретін орасан зор жауапкершілік қана емес. Өз іс-әрекетің мен қимылдарың үшін жауапкершілікті сезіну – нағыз керегі осы. Әдептілік, қарапайымдылық, еңбекқорлық, бір нәрсені жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыс, тәртіп, дұрыс шешім қабылдай білу - жауапкершіліктің барлық қырына осыларды жатқызуға болады», деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар министр барлық ақпарат қолжетімді дәуірде қазіргі мектеп оқушыларының мүмкіндіктері өте көп болғанымен, бірақ сонымен бірге оларға қойылатын талап та айрықша екенін атап өтті.
«Бүгінде біздің жас ұрпақтың еліміздің және әлемнің үздік мектептеріне, озық жоғары оқу орындарына түсу үшін көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасының арқасында қазақстандықтар шетелде білім ала алады. Сонымен қатар менің ойымша, қазіргі балалардың мақсаты асқақ, көздегені биік», деп пікірімен бөлісті Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.
Кездесу барысында республикалық слетке қатысушылар министрге өз сұрақтарын қойды. Мәселен, Батыс қазақстан облысы Қаратөбе ауылының оқушысы Мағжан Жылғали министр алдында қандай мақсаттар тұрғанын және оларға қол жеткізу жолында қандай қиындықтар бар екенін сұрады.
«Бәлкім менің адамдар, мақсаттар туралы түсінігімде қандай да бір жаһандық мұрат жоқ шығар. Ең бастысы - адам болып қалу, өз алдына, қоғам алдында, Отан алдында адал болу. Ал мақсаттарға қол жеткізу жолындағы қиындықтар күн сайын кездеседі және оларды адам өзімен және өзінің кейбір әдеттерімен жұмыс істей отырып, жеңе білу керек», деп жауап берді министр.
Естеріңізге сала кетейік, белгілі қазақстандықтармен ынталандыру кездесулері - IQanat республикалық оқушылар слеті бағдарламасының бір бөлігі. Слет аясында балалар Олимпиадаға, тренингтерге, саяхаттарға қатысты, ал іс-шаралар соңында Балалар жылына арналған флеш-моб ұйымдастырады. Таяуда слетке қатысушылар «IQANAT білім беру қоры» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевпен кездесіп, жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету туралы әңгімелесті.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Кеше
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Кеше
Елорда • Кеше
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Кеше
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Кеше
Өнер • Кеше
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Кеше
Әдебиет • Кеше
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Кеше
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Кеше
Абай • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Кеше
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Кеше
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Кеше
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Кеше
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар