Экономика • 24 Маусым, 2022

Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта валюта нарығында ресейлік рубльдің нығая түскені байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді

ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюктің пікірінше, рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты нығаюы импорттың төмендеуімен және капитал қозғалысын бақылау бағытында енгізілген шаралармен байланысты.

«Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуде ең алдымен теңге мен рубльдің долларға қатысты жеке қалай әрекет ететіні ықпал еткенін атап өткім келеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда», дейді Ұлттық банк өкілі.