Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасындағы «AMANAT» – 2022 Медиа сыйлығы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты рәсім барысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бұл медиа сыйлықтың 10 жылдан астам тарихы бар екенін атап өтті. Биыл жаңа форматта ұйымдастырылған байқау жанрлық сипаттан тақырыптық бағытқа ауысып, қосымша Ахмет Байтұрсынов атындағы «Сөз зергері» және Шерхан Мұртаза мен Камал Смаилов атындағы «Телевизия үздігі» арнайы сыйлықтары енгізілді.
«АMANAT» медиа сыйлығы – халықтың үздік журналистерге білдірген алғысы. Себебі журналист – халық үнін жеткізетін, мемлекет мүддесі үшін күресетін тұлға. Осы салтанатты кешке үздіктердің үздігін анықтау үшін жиналып отырмыз. Менің ойымша, журналист деген мамандықты таңдаудың өзі үздік болу. Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өте үлкен, тарихи өзгерістер жүріп жатыр. Оның мән-мазмұнын халыққа жеткізу ісі үлкен жауапкершілікті, аса зор шеберлік пен кәсібилікті талап етеді. Бұл міндетті сіздер өте жоғары деңгейде атқарып келесіздер. Байқау Жаңа Қазақстанды құру ісінде еліміздің ақпараттық кеңістігін күшейтуге ықпал етері сөзсіз», деді Асхат Оралов.
Байқау комиссиясының төрағасы, белгілі журналист, ақын, «AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, биыл қазылар алқасына 260-тан астам өтінім жолданған.
«Биыл келіп түскен жұмыстардың 70%-дан астамы тек аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарынан, яғни өңірлерден жолданғаны қуантты. Жас журналистер де белсенділік танытты. Яғни, отандық журналистикада қаламы төселген мэтрлермен қатар жас мамандардың тарапынан да үлкен қызығушылықты байқадық. Әрине, бұл байқау олардың шығармашылық шеберлігін шыңдай түсері анық. «AMANAT» медиа сыйлығының басты мақсаты да сол», деп атап өтті Жанарбек Әшімжан.
Сонымен, байқау комиссияның шешімімен «AMANAT» – 2022 МЕДИА СЫЙЛЫҒЫНЫҢ жеңімпаз болып:
«Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал» номинациясы бойынша – «КТК» телеарнасының тілшісі Асқарбек Қазанғап;
«Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал» номинациясы бойынша – «Прикаспийская коммуна» қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі Анжела Ли;
«Аймақ туралы үздік материал» номинациясы бойынша – «Хабар24» телеарнасының Ақмола облысы бойынша тілшісі Дамир Шайдаров;
«Жастар туралы үздік материал» номинациясы бойынша – «Dalanews.kz» ақпараттық агенттіктің Абай облысындағы тілшісі Қуаныш Смағұлов;
«Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал» номинациясы бойынша – «Хабар» телеарнасының тілшісі Индира Жылқайдарова;
«Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы туралы үздік материал» номинациясы бойынша – Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаев;
«AMANAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал» номинациясы бойынша – ҚР Президенті Телерадиокешенінің режиссері Вадим Ширяев марапатталды.
Арнайы сыйлықтардың иегерлері:
Ахмет Байтұрсынов атындағы «Сөз зергері» сыйлығы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Түркістан облысы бойынша тілшісі Ғалымжан Елшібай;
Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының басшысы Жалғас Алтаев;
«Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы – блогер, мотивациялық кітаптардың авторы, тележүргізуші Дәулет Мұқаевқа берілді.
Өз кезегінде, байқау жеңімпаздарының бірі Индира Жылқайдарова жаңғыру жолына түскен «AMANAT» партиясының медиа сыйлығына ие болу үлкен мәртебе екенін атап өтті.
«AMANAT» – елдің сенімін, аманатын арқалаған партия. Бүгін менің Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығы туралы жасаған бейнематериалым еленіп жатыр. Біздер, яғни журналисттер қауымы, «AMANAT» партиясы да елдің игілігі, қоғамның дамуы жолында қызмет етіп жүрміз. Ел қамы үшін еңбек ете беріңіздер», деді ол.
Өзінің жүрекжарды лебізімен «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаев та бөлісті. «Осындай үлкен бәйгенің жүлдесі бұйырады деп күтпедім. Аудандық газетте жұмыс істеп жүріп, республикалық байқаудың жеңімпазы болу, біздерге шалқар шабыт сыйлап, шығармашылығымызды шыңдай түседі. «AMANAT» партиясының сенімін арқаладық, енді осы жолдан таймай, ұлтқа қызмет етуді жалғастырамыз», деді журналист.
Банктердің «бас ауруына» айналған несие айналымда игілікке жарайды
Қаржы • Бүгін, 22:09
АҚШ-та топ жарған қазақ екі алтын, бір күміс медаль олжалады
Спорт • Бүгін, 22:08
Аймақтар • Бүгін, 22:06
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Бүгін, 22:05
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Бүгін, 22:04
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Бүгін, 22:03
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Бүгін, 22:01
Қоғам • Бүгін, 22:00
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Бүгін, 21:59
Гузалия Гафурова: Азия ойындарында үшінші рет топ жарғым келеді
Сұхбат • Бүгін, 21:58
Әдебиет • Бүгін, 21:56
Әдебиет • Бүгін, 21:55
Әдебиет • Бүгін, 21:54
Аймақтар • Бүгін, 21:53
Технология • Бүгін, 21:52
Экология • Бүгін, 21:50
Экология • Бүгін, 21:48
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Бүгін, 21:47
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Бүгін, 21:45
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Бүгін, 21:42
Қоғам • Бүгін, 21:42
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:38
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 21:37
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Бүгін, 21:35
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Бүгін, 21:32
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Бүгін, 21:32
Лондон мұражайы нигериялық артефактілерді қайтарады
Әлем • Бүгін, 21:07
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Бүгін, 20:48
Елордада мемлекеттік грант алуға өтінімдер қабылдау басталды
Елорда • Бүгін, 20:20
Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:21
Қазақстандық теннисшілер ITF World Tennis Tour W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр
Теннис • Бүгін, 19:13
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:45
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Бүгін, 18:25
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Оңтүстік Кореяда кейінгі 80 жылда болмаған жаңбыр жауды
Әлем • Бүгін, 17:55
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:41
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:59
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Ұқсас жаңалықтар