Бұл туралы бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне қосымша құн салығы есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленген:
1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
2) Аи-92, Аи – 93 маркалы бензин - Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литр үшін 187 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 182 теңге».
3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – 1 литр үшін 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 230 теңге.
«Аи-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халық арасында теріс әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, 2025 жылға дейін (ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары жұмыс істей бастаған мерзім) шекті бөлшек сауда бағаларын (Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин) кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады» делінген бұйрық жобасында.
Аяна Тоғанбек