«ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданындағы Бәйтереков көшесі, 13 мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежесінде жұмыс істейді. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі өртенді. Жедел штабтың жұмысы басталды», делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, жанып жатқан ғимараттан 50 литрлік үш газ баллоны эвакуацияланды.
«Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды. Өрт 9:15-те ауыздықталды, таралу қаупі жойылды», деп толықтырды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.