Әлем • 27 Маусым, 2022

Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы референдумға шығарылады. Жоба «Халық сөзі» газетінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады

Өзбекстанның бас газеті саналатын «Халық сөзінің» 2022 жылғы 25 маусымдағы №133 нөмірінде «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.

Елдің қазіргі Конституциясының 90-бабына сәйкес, президенттің өкілеттік мерзімі 5 жыл. Әрі бір адам 2 реттен артық бұл лауазымға сайлана алмайды. Референдумда талқыға ұсынылған заң жобасы қабылданса, президенттің мерзімі 7 жылға ұзартылады.

Атап айтқанда, «90-баптың екінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын», делінген құжатта.

Елдің қазіргі Конституциясы 128 баптан тұрады. Референдумға ұсынылған заң жобасы бойынша соның 64-іне өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 6 жаңа бап қосылмақ.

«Парламент әзірлеген жобаны жалпыхалықтық талқылауда қарастырып, оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын», деген еді Шавкат Мирзиеев.