Әлем • 27 Маусым, 2022

Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық көрші қырғыз елінен 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды, деп жазады Egemen.kz.

Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар «Чон-Капка - Автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған.

Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген. Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10