21 Мамыр, 2010

Александр ПИКЕР: “НАҚТЫ ЭКОНОМИКА ОҢ БОЛЖАМДАР ҮШІН НЕГІЗ БЕРЕДІ”

501 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Өткен жыл көп мәселелерде қаржыгерлер мен сарапшыларды қаржы құрылымдарының қызметін реттеу, сондай-ақ дағдарысқа қарамастан, табысты жүргізілген тәжірибелерге сергектеу қарауға мәжбүрледі. Осы тұрғыдан алғанда, 2009 жылы Global Fіnance журналы Орталық және Шығыс Еуропада қаржылық қызмет көрсетуде үздік провайдер деп таныған UnіCredіt Group тәжірибесі талассыз қызығушылық туғызады. Баспа сарапшыларының түсініктемелері де назар аударуға тұрарлық: “Марапат банк топтары транзакцияларының әлеуетті позициясы туралы айғақтайды. Бұл екінші жағынан жергілікті “ноу-хауды” жаһандық тәжірибелермен үйлестіруге қабілеттен туындаса, соның нәтижесінде инновациялық шешімдер қабылданып, жаңа өнімдер жасалады”. Топтың еншілес мекемелерінің бірі – қазақстандық АТФБанкті жұмыстың өзіндік стилі мен қаржы дағдарысын еңсерудегі жеке күрделі тәжірибелері ерекшелейді. Жақында UnіCredіt Group-тің қаржы есебі жария етілді. АТФБанктің аудирленген жұмылдырушы есебі 2009 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылды. Осы қорытындылар мен болашақтағы мақсаттар туралы “АТФБанк” АҚ-тың басқарма төрағасы Александр ПИКЕР мырзамен әңгімелескен болатынбыз. – Пикер мырза, алдымен сіз не нәрсеге екпін қойдыңыз: есептер – бұл дағдарыстың қорытындылары ма әлде жұмыстың нәтижелері ме? – Біздің есептерден көріп отырғандарымыз – бұлар алғашқы дағдарыстан кейінгі көріністер. Топ пен банктің нәтижелері әр түрлі. Бірақ оларда ортақ мәселелер де бар: егер 2008 жылы олар менеджменттің жалпыәлемдік дағдарысын көрсетсе, 2009 жылдың қоры­тындылары дағдарыстан кейінгі көріністерді көлденең тартады. – Мына жәйт менің есімде: өт­кен сұхбатыңызда топтың жұ­мыл­дырылған таза табысы 2008 жылы 4 миллиард еуродан асып түссе, ал 2009 жылдың қоры­тын­дылары бойынша 1,7 миллиард еуроны құрады. Құлдырау ма, қалай? – Дегенмен, барлық есепті толық оқып шығу керек: ак­ционерлер үшін таза табыс көрсеткіші өте маңызды. Бірақ банктің орнықтылығын көп жағдайда басқа көрсеткіштер де сипаттайды. Мысал үшін топтың табысы 2009 жылы оның алдын­дағы жылмен салыс­тыр­ғанда 20 пайызға өсті. Шығындар 8,2 пайызға азайса, қосымша капитал 4 миллиард еуроға артты. Яғни, бұл банктің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, пайда тауып отырғанын көрсетеді. Мысалы, 2009 жылы қалыпты жұмыс нәтижесінде топтар банк­тері ақша тапты. Бірақ, өкінішке қарай, әрине, 2006-2007 жылдардағыдай болған жоқ. Қазір біз топта қалыпқа келе салысымен әрі қарай да табысты қызмет жасау үшін жұмыстану үстіндеміз. Провизиялар құру қажет. Сондықтан жоғарырақ табыс болған кезде провизияларға аударымдар да жоғарылай түсетін болады. Группадағы қазіргі ахуал дәл солай. – UnіCredіt Group 2009 жылы сыртқы қарыздар мәселесін шешу үшін банктерге қаржыландыру тетіктерін ұсынды. Егер мен қателеспесем, тиімді тауарларды өрістету үшін. Бүгінгі қорландыру, сыртқы міндеттемелер, тауарларды өрістету істеріндегі ахуал қандай? – Топ Қазақстанда ұзақ мерзімді жұмыс істегісі келеді. UnіCredіt Group шығынға бату үшін емес, қалыпты банк бизнесін қалыптастыру үшін келіп отыр. Сондықтан АТФБанк топ тара­пынан толық қолдауға ие. Атап айтқанда, бізге UnіCredіt Group-тің 15 жыл мерзімге 2 милиардтық (еуромен) толық банк кепілдемесі берілді. Ол барлық проблемалы кредиттерді және барлық реттеуші талап ететіндерді жабады. Және бұл АФН-ді тыныштандырады. Қорландыруға қатысты айтатын болсақ, аналық банктің займы, халықаралық институттар – ЕҚДБ және ІҒС-нің қаржыларын тар­тумен қатар, біз 2009 жылы кли­енттердің депозиттік базаларының көлемін 46 пайызға ұлғайттық. Оның үстіне депозиттер бойынша өсім үстіміздегі жылы да жалғасуда. Әрине, ол соншалықты қомақты болады деп ойламаймын, өйткені, біз депозиттар бойынша ставкаларды төмендетудеміз. Бұл депозиторлар үшін соншалықты жақсы емес, бірақ кредит іздеушілер үшін өте-мөте тиімді. UnіCredіt Group қажет кезде АТФБанкке кез келген жағдайда және талап етіліп отырған көлемде қаржыландыруды ұсына алатынын атап көрсеткім келеді. Сонымен қатар, біз рынокқа 15 миллиард теңге бондтарды тиімді орналастыра алдық. Тағы да 36 миллиард теңгеге сұраныс бар. Осылайша, енді банк қорлан­дырудың берік іргетасында тұр. Олар: халықаралық қаржыландыру, топтарды қаржыландыру, депо­зиттер, биржалық құралдар арқылы рынокқа қаржылар тарту. Қор­ландыру көздерін әртарап­тандыра отырып, біз тауар тиімділігі тәуекелін азайтамыз. Біздің міндеттемелерімізге келетін болсам, 2009 жылы қарыздар жоспарлы негізде аналық компаниялар қаржысы есебінен жабылды. Үстіміздегі жылы 4 еуро­облигациялар шығару бойынша 200 миллион АҚШ доллары мен ҒМО займы бойынша 147 миллион АҚШ долларынан басқа ешқандай сыртқы міндеттемелеріміз жоқ. Сондай-ақ, біз АФН-нің сыртқы міндеттемелердің жалпы көлемінің 30 пайызын шектеу туралы ұсынысын қолдаймыз. Бұл шешім банктердің сыртқы займдастыруы өте жылдам өскен 2005 жылдың өзінде көкейкесті болатын. Дегенмен, біз үшін проблема аналық компаниялар бөлетін қаржыға осы 30 пайызды қосу болып табылады. Өйткені, бізге топтан басқа тұрақты қаржы­ландыру базасы жоқ. Алайда, банк жүйесі үшін бұл шешім өте дұрыс. – Рынок үшін көкейкесті тақырып – банктердің басы артық жинақталған өтімді тауарлары мен нақты сектор мен тұрғындарды кредиттеу деңгейінің аса төмендігі. Осы тұрғыдан алғанда, банктің кредиттеу саясаты қандай, ол рыноктағы жағдайды есепке ала отырып түзетілді ме? – Бізде де басы артық өтімді тауар көп және мұны жақсы деуге келмейді. Бірақ, аузы күйген үрлеп ішеді деген тәмсіл бар емес пе. Өздерінің депозиттерін бір алып, бір салған клиенттердің жоғары шырғалаңды жағдайын бастан өткізген біз енді бос қаржының үлкен бөлігін ҚР Ұлттық банкінде ұстап келеміз, бірақ бұдан бізге еш пайда жоқ. Сол кезде бізге тауарлардың өтімділігі жетіспеді. Сондықтан бізге ҚР Ұлттық банкінің мұндай резерві керек. Жыл барысында біз кредиттер өсімі 15 пайыздан көп болады деп жоспарлап отырмыз. Әзірше жағдай көңілдегідей емес, бірақ ол өседі деп үміттенеміз. Біз кредиттер бойынша ставкаларды төмен­детудеміз. Алайда, займшылардың әрқайсысына өте-мөте жеке қадам жасаймыз. Ритейлде ставкалар 15-16 пайызды құраса, корпоративті секторда шамамен 13 пайыз төңірегінде. Кредиттеу саясатында түзетулер жүргені табиғи нәрсе: біз екінші жыл бұрынғыдан консервативті кредиттеуді енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Займшылардың бұл қадамдарымызды әзірше нашар қабылдап отырғаны да жасырын емес. Олар банктің ештеңе сұрамай ақша бергеніне үйреніп қалған. Ал банк займшыдан өте көп нәрсе сұрайды, өйткені, біздің бұл мәселедегі қағидатымыз мынадай: кепілдеме мен оның құны маңызды емес, табыстар мен бизнес дамуының перспективасы, кли­енттің кредитті қайтару мүмкіндігі маңызды. Кепілдеме мәселесі – ең соңғысы. Сондықтан біз кепіл­демесіз кредиттер, нақты кепіл­демесіз займдар ұсынамыз. Бірақ бізге кредиттің қайтатынына сенімділік қажет. Біз бұл тәжірибені рынокқа кірген сәттен бастап-ақ енгіздік. Бұл UnіCredіt Group-тің халықаралық тә­жірибесі және біз кредиттеудің осындай саясатын ұстанамыз. Яғни, біз бұл мәселеде классикалық еуропалық банк секілді жұмыс істей бастадық. Бұрындары банктер өсімқор, ломбардтар секілді жұмыс істейтін. Мұның банктік қадам емес екені анық. Жылжымайтын мүлік рыногындағы жағдай, осы сектордағы болып жатқан өзгерістер мұндай кепілдеменің барлық әлсіз тұсын көрсетіп берді. Қазір мұндай кепілдемеге адекватты, нақты бағаны айту қиын, сондықтан біз кредит ұсына отырып, тек кепілдемеге ғана қарауға болмайды дегенді айтқымыз келеді. – Пикер мырза, сіз банк секторының дағдарыстан кейінгі даму тұжырымдамасын оқыдыңыз ба? Сіздің осы құжатқа көз­қарасыңыз қандай? Тұтастай алғанда, мен тұжырымдамамен келісемін. Алайда, заңнамаларға оны қабылдаумен байланысты талап етілетін өзгерістер бойынша менің өз ұстанымым бар. Бұл жерде әңгіме үлкен реттеулер қарастыру туралы болып отыр. Экономист ретінде мен мұны қолдаймын, егер ол дұрыс жасалатын болса. Сондай-ақ, ме­ніңше, кейбір құралдарды жоққа шығаратын популистік шаралар да ұсынылып отырғандай көрінеді. Мәселен, банк желісі. Ұсыныс енгізіледі, бірақ ол банк тоқтата алмайтындай етіп жасалады. Егер банк клиент өзіне қызмет ете алмайтынын көріп тұрса, неліктен ол желіні тоқ­татпай шығынға батуы тиіс? Немесе заң былай дейді: кепіл ретінде жалғыз пәтерді алуға болады, бірақ оны кепілдемеге айналдыруға болмайды. Демек, банктер мұндай кредитті бермегенді жөн көреді. Оның үстіне мұның құралы да жоқ және болмайды да. Сондықтан қазір күрделі мәселелер бойынша талқылаулар мен келіссөздер жүріп жатыр. Шешім табылады ғой деп ойлаймын, өйткені, әңгіме бұл арада банк жүйесінің болашағы туралы болып отыр ғой.