Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, күн жаңбырлы болғандықтан, қазақстандық теннисшілер арасында өткен жұптық сындағы финал хард төселген жабық алаңға ауыстырылды.
Онда Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай отандастары Еркежан Арыстанбекова мен Дана Байдәулетті 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Осылайша, А.Арыстанбекова А.Нұпбаймен бірге ITF Juniors жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді.
Жекелей сында Дана Байдәулет соңғы бәсекеде ресейлік Валерия Гынинаға есе жіберіп, 4:6, 1:6 есебімен жеңілді.
Бозбалалар арасында аустриялық Поль Уоррен тартысты финалда ресейлік Григорий Щебекинді тізе бүктірді. Есеп - 7:6 (7:2), 3:6, 6:3.