Шымкенттен 189 қазақстандық қажылыққа аттанады. Қажылыққа аттанушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы Сауд Арабиясының Жидда мен Мәдина қалаларына барады.
«Биылғы қажылық маусымы маусым-шілде айына тұспа-тұс келіп тұр. Үлкен қажылықтың уақыты 7-12 шілде аралығы деп белгіленді. Қазақстаннан қажыға аттанушылар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы мен Сауд Арабия мемлекетінің Жидда мен Мәдина қалаларына барады. Олар аталған төрт қаладан 28 маусым мен 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады», дейді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов.
Қазақстандықтар 4 қаладан 28 маусым мен 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады.
2022 жылы қажылыққа Қазақстаннан 4 мың адам барады деп жоспарланып отыр.