Білім • 27 Маусым, 2022

Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде жаңа пән енгізілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында «Ортақ түркі тарихы», «Ортақ түркі әдебиеті» және «Түркі әлемінің географиясы» оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.

Министрліктің мәліметінше, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.

«Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады», деді ведомство өкілдері.