Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елордадағы Ұлттық музейде Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында ұйымдастырылған XXIV жазғы Сурдлимпия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

«Төртжылдықтың басты бәсекесінде отандастарымыз әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, елге абыроймен оралды. Тарихи жеңіске толы Сурдлимпиадада қазақстандық атлеттер ерекше белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Шонку Хайратхаан екі алтын медаль иеленіп, сенсация жасағанымен ерекше құттықтаймын. Бұл нәтиже елдегі Сурдлимпиада спортының дамуына керемет серпін береді деген үміттемін», деді Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев жиынның ашылу рәсімінде.
Салтанатты іс-шара барысында Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары, жүлдегерлері және олардың жаттықтырушылары алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ сурдлимпиадалық спорт түрлерін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қаржылай сыйақы мөлшері Олимпиада және Паралимпиадамен теңестірілген. Яғни аталған жарыста бірінші орын алған спортшыға – 250 000, екінші орынға – 150 000, үшінші орынға – 75 000, төртінші орынға – 30 000, бесінші орынға – 10 000 және алтыншы орынға 5 000 АҚШ доллары берілді.
«Бүгін елорда төрінде Сурдлимпиада жеңімпаздарына көңіл бөліп, құрмет көрсеткеніне алғысымыз шексіз. Жеңіске жетуіме қолдау көрсеткен Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғыс айтамын. Барлық жеңімпазды жетістігімен құттықтаймын», деді XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Шонку Хайратхаан.
Айта кетейік, биылғы Сурдлимпия ойындары мамырдың 1-15 аралығында Бразилиядағы Кашиас-ду-Сул қаласында ұйымдастырылды. Әлемнің 100 елінен 4 000-нан астам спортшы қатысқан жарыста жерлестеріміз жалпы саны 28 жүлде (3 алтын, 7 күміс, 18 қола) еншілеп, жалпыкомандалық есепте 13-орынға табан тіреді.
Медаль көрсеткіші бойынша Украина спортшыларына тең келер қарсылас табылмады. Олар 138 (62 алтын, 38 күміс, 38 қола) медаль жиынтығын олжалап, турнир кестесінде топ жарды. Екінші орын алған АҚШ құрамасының қоржынында 55 (20, 11, 14) медаль бар болса, үшінші орындағы Иран спортшылары 40 (14, 12, 14) жүлде жеңіп алды.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар