«Әзірге бұл тақырып қаралған жоқ», деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ ол зейнетақы жасын төмендету бойынша есептеулерге қатысты мәселеге түсініктеме берді.
«Зейнетақы төлемдеріне жыл сайын 2,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Кез келген өзгеріс триллиондармен саналады. Үкімет бұл мәселені талқылаған жоқ. Арнайы заң бар», дейді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, кез келген өзгеріс терең есептеулер мен салалық талқылауды қажет етеді. Қаржы министрінің айтуынша, нақты талқылау әлі болған жоқ.
«Жыл сайын республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2,2 трлн теңге бөлеміз. Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарламалар бар, соның ішінде «Күміс жасын» атауға болады. Бұл бағдарламаларға қаражат бөлінеді. Әзірге біз қолданыстағы заңға сүйенеміз», деді Қаржы министрі.