Қоғам • 28 Маусым, 2022

«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «ҚазМұнайГаз» IPO-сын 2022 жылы өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты

«Самұрық-Қазына» барлық қазақстандық үшін IPO-ны қолжетімді етіп, бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атаған болатын. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

«Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек», деді Қ.Тоқаев.