Әлем • 28 Маусым, 2022

Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты кінәсіз деп таныды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот барлық айыпталушыларды 2020 жылдың қазан айында тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады. Мұндай шешім бүгін Қырғызстан астанасының Первомай аудандық сотында өткен отырыста шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты кінәсіз деп таныды

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап күдіктілерді кінәлі деп тануды сұраған еді.

Президент аппаратының бұрығы басшысы Фарид Ниязов сот залында қамаудан босатылды. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев сот залынан шығарылды.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 5-6 қазанында Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау қорытындыларын бұрмалауға қарсы жаппай наразылық шерулері өткен болатын. Осыдан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, салдарынан азаматтар зардап шекті.

Колониялардан бірқатар сотталған саясаткерлер шығарылды. Оның ішінде экс-президент Алмазбек Атамбаев та бар. Ол қылмыс серкесі Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа жібергені үшін 11 жылға сотталған еді. Кейін 2020 жылдың қазан айында жаппай тәртіпсіздіктер бойынша қылмыстық іс жүргізу аясында Алмазбек Атамбаев, президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязов, МҰҚК бұрынғы қызметкері Қанат Сағымбаев, ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары Курсан Асанов, белсенді Темірлан Сұлтанбеков және саясаткер Жениш Молдокматов ұсталған.