26 Сәуір, 2014

Мақсат – мемлекетаралық байланысты нығайту

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Екі мемлекет арасында парламентаралық, іскерлік, ғылыми және гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатында таяуда Мәжіліс депутаттары Корея Республикасына сапармен барып келді. Аталған палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин Мәдинов бастаған делегация құрамында депутаттар Әлихан Тойбаев, Светлана Қадырәлиева, Роман Ким және ғылым, билік, кәсіпкерлік саласының өкілдері болды. Қазақстан делегациясы ми­н­истрлік өкілдерімен, кәсіп­керлермен және танымал журналистермен кездесті. Айта кету керек, осы сапар барысында биыл жазда Өскемен қаласында өткелі тұрған форум мәселесі сөз болды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен үлкен бизнес-форум өтетіні жоспарлануда. Оған Кореядан арнайы меймандар шақырылып отыр. Шығыс Қазақстан өңірінің табиғаты мен экономикалық әлеуеті және келешегі жаңа жобалардың іске асырылуына жол ашатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде облыста қазақстандық-кореялық бірлескен жобалар іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей сынақ аймағының жа­был­ғандығы, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқаны, Елбасының ядролық қаруға қарсы бастамалары әлемге әйгілі. Сапар барысында Корея Рес­публикасы Ұлттық Ас­сам­блеясында екі елдің пар­ламент­шілері жүздесіп, пікір алмас­ты. Тақырыптың арқауы ауыл ша­руа­шылығын дамыту мәселелері төңірегінде болды. Р.Мәдинов өз сөзінде Қазақстанның аграрлық саласы, қолға алынып жатқан істер жайлы айтып өтті. Қазақ елінің агроөнеркәсіп саласының инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Заңнамалық тұрғыда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қандай жеңілдіктер жасалатынына тоқталды. Бүгінгі таңда Қазақстанға қомақты инвестиция салып отыр­ған елдің бірі – Корея Рес­публикасы. Екі ел­дің ынты­мақ­тастығы жаңа мүм­кіндіктерге жол ашып отыр. Қазақстан делегациясы ғылыми-зерттеу институтында, шаруа қожа­лықтарында болды, сондай-ақ, жылыжайларды аралап көрді. Аграрлық салаға енгізіліп жатқан жаңа технологиялармен танысты. «Егемен-ақпарат».