Сенат Парламенттің VII шақырылымының II сессиясындағы жұмысын қорытындылады. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қабылдады.

Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қабылдады.
Бұл заңдар ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіруге арналған. Жаңа нормалар осы саладағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған жүйелі және практикалық тәсілдерді жандандыруға мүмкіндік береді.
«Заң жобасын дайындау барысында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) халықаралық стандартының ұсыныстары ерекше талданды. Біріншіден, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1617 қарарына сәйкес, ФАТФ ұсыныстарын орындау БҰҰ-ға мүше елдер үшін міндетті.
Екіншіден, биыл Қазақстан кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бағалауынан өтуі тиіс. Топтың көшпелі іс-шарасы елімізде биылғы күзде өтеді. Сондықтан ұлттық заңнамаларға ФАТФ халықаралық стандарты аясында негізгі толықтырулар енгізілген. Осыған байланысты еліміздегі қолданыстағы 12 заң мен 4 кодекске өзгеріс пен толықтырулар енгізіліп, заң жобалары ұсынылып отыр.
Үшіншіден, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған трасттарға немесе басқа да корпоративтік құрылымдарға жауапкершілік енгізілді. Себебі қазіргі таңда еліміздегі қолданыстағы заңнама трасттарды құруға мүмкіндік бермейді. Бірақ қаржы мониторингі субъектілеріне және шетелдік трасттарға қаржылық қызмет көрсетуге тыйым салмайды», деді құжат жөнінде баяндама жасаған депутат Сұлтанбек Мәкежанов.
Депутаттың сөзіне сүйенсек, қылмыстық кірістерді жылыстатқаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін енгізу ұсынылып отыр. Себебі заңды тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектілері бола алмайды. Соған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның бірқатар бабына өзгеріс енгізілмек.
«Терроризмді қаржыландыруға қатысы бар адамдарды және терроризмге әрекет ететін адамдарға тыйым салу шараларын қолданатын өзгертулер енгізілді. Заң жобасында қаржы мониторингі органдарының лауазымды адамдарына тиісті әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын толтыру өкілеттігі берілді», деді С.Мәкежанов.
Сонымен қатар Сенат депутаттары қаржы пирамидаларымен күрес мәселесіне қатысты заңдарды да екі оқылымда қабылдады. Олар – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобалары.
Сенат Төрағасы қазіргі таңда қаржы пирамидалары қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан ол қаржы алаяқтығымен күресте қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызы зор екенін айтты.
«Қабылданған заңдарда қаржы пирамидаларының жарнамасын қылмыс деп тану және оларды құрып, басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделген. Бұл заңдар азаматтарды заңсыз қаржы және инвестиция жобаларына тартудан қорғауды күшейтеді. Сондай-ақ жаңа нормалар қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.
Отырыс кезінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да екі оқылымда қабылданды.
«Заң басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде инновациялық цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту үшін заңнамалық жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар заң аясында ауылдарда байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі азаматтар мен бизнестің шығындарын төмендету көзделіп отыр», деді заң жобасы жөнінде пікір білдірген М.Әшімбаев.
Сондай-ақ сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлау туралы мәселені қарады. Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша депутаттар Еркеш Маукенді Жоғарғы Сот судьясы қызметіне сайлады.
Одан бөлек, Палата депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтатып, лауазымынан босатты.
Отырыс барысында сенаторлар депутаттық сауалын жолдады. Премьер-Министрге сауал жолдаған Владимир Волков Үкіметке «Е-Заң көмегі», «Төрелік» ақпараттық жүйелерін азаматтық және әкімшілік сот өндірісіне енгізуді ұсынды.
Сессияның қорытынды отырысын түйіндеген Сенат Төрағасы М.Әшімбаев бұл парламенттік маусым тарихи өзгерістер мен іргелі істерге толы болғанын атап өтті.
«Жыл басында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. «Қасіретті қаңтар» оқиғасы, әлемдік геосаяси ахуал мемлекеттік басқару жүйесінен жаңа тәсілдер мен шешімдерді талап етті. Осыған орай Мемлекет басшысы кешенді реформалар топтамасын жариялады. Сол арқылы заң шығару қызметінің де басым бағыттарын белгілеп берді. Нәтижесінде, түбегейлі саяси өзгерістер қолға алынып, конституциялық реформа жүргізілді. Республикалық референдум кезінде халықтың басым бөлігі Ата Заңға ұсынылған түзетулерге және Президентіміздің бастамаларына қолдау білдірді. Осылайша, әділетті Жаңа Қазақстан құрудың берік негізі қаланды», деді Сенат Спикері.
Палата Төрағасы VII шақырылымдағы II сессияда Парламент Үкіметпен бірлесіп 78 заң қабылдағанын айтты. Қабылданған заңдар азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге және елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған.
«Сессия барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған кешенді іс-шаралар мен қоғамдық-саяси бастамаларды заңнамалық тұрғыдан уақтылы қамтамасыз етуге баса мән берілді. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жан-жақты қолдауға арналған нормалар қабылданды. Осыған орай сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен заңға бастамашылдық ету құқығын кеңінен пайдаланды. Бірінші сессияда Сенат депутаттары 7 заңға бастамашы болса, бұл сессияда 18 заң жобасы бойынша бастамашылдық жасады. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтаймыз деп сенемін», деді М.Әшімбаев.
Сонымен бірге Сенат Төрағасы осы сессияда заң шығарушылықпен қатар, Палата қызметінің өзге де бағыттары бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын жеткізді. Нақты айтқанда, 2 парламенттік тыңдау және 4 Үкімет сағаты өтті. Онда ауыл шаруашылығын дамыту, жастар саясаты, бюджетаралық қатынасты жетілдіру, сыртқы және ішкі сауда, өндірістік қауіпсіздік, өңірлерді газдандыру сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Бұдан басқа, Сенатта 30-ға жуық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тұрақты комитеттер аймақтарда 10-нан астам көшпелі отырыс өткізді. Сенаторлар өңірлерде, оның ішінде шалғай ауылдарда жергілікті тұрғындармен болған 500-ден астам кездесуге қатысты.
Сенат Төрағасы Палата алдағы уақытта да Мемлекет басшысы бастамасымен қолға алынған жүйелі реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін белсенді жұмысты жалғастыра беретінін айтты.
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Ұқсас жаңалықтар