Атырау облысында 8 780 балаға тұрақты алимент төлейтін 5 007 борышкер бар. Алайда бауыр еті – баласына көмек беруден безетін безбүйректер де кездеседі. Қазір 185 адам 290 млн теңгенің алиментін төлеуден жалтарып жүр.

Осыған байланысты облыстық прокуратураның ұйытқы болуымен алиментке қатысты берешекті азайту үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау. Әсіресе алимент төлемей жүрген борышкерлерді анықтап, оларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету. Осы мақсатта уәкілетті органдармен бірге 10 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде, 42 борышкер жұмысқа орналастырылды.
«Бірлесіп жүргізілген рейд кезінде борышкерлердің 17 көлігі анықталды. Борышкерлер 19 бала үшін 27,2 млн теңге алиментті толық төледі. Прокурорлық ықпал ету шараларымен төленбеген алимент бойынша 62,5 млн теңгенің берешегі өндірілді. Осылайша, 65 баланың құқығы қорғалды» деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратура қызметкерлері-
нің ықпалымен 69 борышкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Борышкердің біреуі Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енді. Сондай-ақ бес борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
– Қазір 42 борышкердің көлік басқару құқығы уақытша шектелді. Ал 102 борышкердің шетелге шығу құқығына уақытша тыйым салынды. Балалары үшін алиментін төлемей жүрген 185 жауапсыз әке анықталып отыр. Олардың берешегі 290 млн теңгені құрайды. Осыған орай Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін нақты міндеттер қойылып, сот актілерін тиімді орындауға байланысты негізгі мақсат айқындалды, – деп мәлім етті прокуратураның баспасөз қызметінен.
Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Әйгерім Сәбитқызының мәліметінше, мұнайлы шаһарда тұратын 153 ер адамның алимент бойынша төленбеген қарызы 195 млн теңгені құрап отыр. Сондай борышкердің біреуінің алты жылдан бері төлемеген алименті 3,5 млн теңгеге жеткен.
– Жоғарғы соттың тиісті нормативтік қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді алимент төлемей жүрген адамдар Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жақында Атырау қаласында алимент төлеуден жалтарып жүрген, 3,5 млн теңге қарызы бар ер адамның ісі сотқа жолданды, – дейді Әйгерім Сәбитқызы.
Оның айтуынша, бұл борышкердің тұрақты жұмысы бар. Бірақ алты жыл бойы алиментке берешегін төлемеуіне не себеп? Енді бұл істің ақ-қарасы сотта анықталады. Мұндай жағдай Атырау қаласында алғаш рет тіркеліп отыр. Себебі бұған дейін алиментке берешегін төлеуден бас тартып, жасырынып жүрген адамдар әкімшілік жазамен ғана құтылатын еді.
Атырау облысы
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар