Коронавирус • 29 Маусым, 2022

Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Pfizer BioNTech вакцинасына сұраныс артты. Алайда қалада бұл вакцинаның тек 9 951 дозасы қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда Pfizer вакцинасына сұраныс артты

2021 жылдың қарашасыдан бастап бүгінге дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының 380 250 дозасы жеткізілді.

«Мамырдан бастап көптеген ел шекарасын ашқандықтан бұл вакцинаға сұраныс өсті, себебі оған ДДҰ сертификат берген. Көп елдің талабы - Pfizer-дің екі компонентінің болуын. Қазақстанда Pfizer-мен жаппай вакцинациялауға 2022 жылдың наурызында рұқсат берілді», деді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтығандар саны артты. 

 

Соңғы жаңалықтар