Қоғам • 29 Маусым, 2022

Есірткі жарнамалаған 22 сайт бұғатталды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интернет желілеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде есірткі заттарын сату туралы жарнама орналастырылған 22 сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі жарнамалаған 22 сайт бұғатталды

«Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау фактілері бойынша 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деп мәлімдеді Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомсвто прокуратура органдары интернеттен бастау алатын қылмыстардың басқа да түрлерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, прокуратура «вконтакте» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз, заңмен белгіленген тәртіпті айналып өтіп, балаларды сатып алу-сату туралы хабарландырулар орналастыруды көздейтін 3 интернет-қауымдастықты анықтаған.

Прокуратура өкілдері адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасаумен байланысты іс-әрекеттер үшін мүлік тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.