Экология • 29 Маусым, 2022

«Ақжайық» табиғи резерватында қырылған құстардың саны 5 мыңнан асты

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында құстар қырылып жатыр. Өлген құстардың саны 5 250-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақжайық» табиғи резерватында қырылған құстардың саны 5 мыңнан асты

Қара шұбар тұқымды шағаланың жаппай қырылу дерегі Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнында орналасқан екі жасанды аралда анықталған. Қырылған құстардың саны – 2 750.

Осыған орай, Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында құстардың өлу себептерін анықтау үшін комиссия құрылды. Комиссия мүшелері құстар қырылған жерге барып, онда профилактикалық тексерулер жүргізді. Сол жерден су, топырақ және ауа сынамалары, құстардың өлекселері зерттеуге алынды.

«Бес күннен кейін, яғни 24 маусымда Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығынан өлген құстардың сынамаларынан «АН5 құс тұмауына» оң нәтиже анықталғаны туралы жауап келді. Осыған байланысты Атырау облысының аумағында құзыретті органдардың қатысуымен ұқсас жағдайларды анықтау мақсатында толық бақылау мониторингі жүргізілді. 26 маусымда Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Шалыга аралындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 2500 шағаланың өлу дерегі анықталды. Оның ішінде 1000 «Чеграва», 1 200 «Қара бас өгізшағала», 300 «Өгізшағала» тұқымды құс қырылған», деп мәлім етті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өлген құстардың өлу себебін анықтау үшін биоматериалдар алынды. Биоматериалдар Алматы қаласындағы Микробиология және вирусология институтына жіберілді. Құстардың қырылу себебі сынамалар қорытындысы шыққаннан кейін қосымша хабарланады. Қазір Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізіліп жатыр», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құстар қырылып жатқаны хабарланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51