Оқиға 28 маусым күні сағат 21:45-те болған. Нұра ауылынан 4 шақырым жерде «Жараспай-Нұра» автожолында екі автокөлік соқтығысты. Полиция департаменті хабарлағандай, «Хонда Одиссей» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Фольксваген Гольф» автокөлігіне соғылған.
«Хонда Одиссей» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апатынан «Фольксваген Гольф» автокөлігінің жолаушылары да зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ 19 жастағы әйелдің інісі ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.