Аймақтар • 30 Маусым, 2022

Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Түрксіб ауданында электрмен жабдықтау желілерінің 70%-ы тозып кеткен. Соның салдарынан ауданда желілер жиі үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр

Әкімнің айтуынша, қалаға қосылған «Қайрат», «Әлмерек», «Нұршашқан» шағынаудандарының желілері әбден тозған.

«Мұндағы желілер қуатты Талғар аудандық электр станциясынан алады. Ал, станцияның алыс орналасуы электр энергиясының тұрақты берілуіне де кері әсер етеді. Осы мәселені шешу үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады», деді Ерболат Досаев.

Ол биылғы жылдың соңына дейін «Шуақты» шағынауданындағы электр желілері жаңартылатынын, ауданның 26 жердегі жалпы ұзындығы 21,1 км желіге реконструкция жұмыстары аяқталатынын жеткізді.