Коронавирус • 30 Маусым, 2022

Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін

4876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін

«Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Біз оны ведомствоаралық комиссияның қарауына беріп, сол жерде талқылаймыз. Тек маска тағу ғана емес, ПТР-тестін де алып тастаған болатынбыз. Қабылданған шешімді міндетті түрде хабарлаймыз», деді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ ол вакцинацияны күшейту керегін айтты.